Чемпиондар лигасы: Байер Фейеноордты қиналмай жеңді, Бенфика Сербиядан жеңісті арқалап кетті
Бейсенбі, 19 қыркүйекте Чемпиондар лигасы матч күнінің алғашқы екі ойыны өтті. Голландиялық “Фейеноорд” Германия чемпионы “Байерді” қабылдаса, сербиялық «Црвена Звезда» өз алаңында португалиялық “Бенфикамен” кездесті.
Голландиялық “Фейеноорд” клубы леверкузендік “Байерден” 0:4 есебімен жеңіліп, өз жанкүйерлерінің көңілін қалдырды. Матчтың тағдыры алғашқы 45 минутта шешілді. Матчтың басында Флориан Вирц гол соқты. Одан кейін қорғаушы Алекс Гримальдо есепті еселеді. Жас талант Вирц өзін әріқарай көрсетіп, осы кездесуде дубль жасады. Бірақ төртінші голды “Фейеноорд” қақпашысы өз қақпасына соғып алды.
Қатар өткен матчта “Бенфика” “Црвена Звезданы” минималды есеппен жеңді – 2:1. Бірінші таймда португалиялықтардың қақпасына екі түрік ойыншысы Керем Актуркоглу мен Оркун Кекчу гол соқты. Алаң иелері ойынның соңында гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда , бұл гол жеткіліксіз болды.
Чемпиондар Лигасы, 1-тур, 19 қыркүйек
"Фейеноорд" – "Байер" – 0:4 (0:4)
Голдар: Вирц, 5 (0:1), Гримальдо, 30 (0:2), Вирц, 36 (0:3), Велленройтер (автогол), 45 (0:4)
"Црвена Звезда" – "Бенфика" – 1:2 (0:2)
Голдар: Актюркоглу, 9 (0:1), Кекчу, 29 (0:2), Милсон, 86 (1:2)
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52