Чемпионар лигасында Килиан-шоу. Мбаппе 3 соққымен Ситиді ұшырып жіберді


Чемпиондар лигасының 1/16 финалының негізгі текетіресі аяқталды. Онда турнирдің соңғы екі жеңімпаздары “Манчестер Сити” мен мадридтік “Реал” кездесті.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
“Бернабеудег”і қарымта кездесу өте қарқынды басталды - 4-ші минутта-ақ Килиан Мбаппе есеп ашты. Ал ойынның бірінші сағатының соңына қарай ол хет-трик жасап, ойындағы интриганы жеке өзі өлтірді. Соңғы минутта “Сити” жұбаныш голын соғып, “Реалдың” ірі жеңіске жетуіне жол бермеді. Осылайша мадридтік команда дағдарысқа ұшыраған “Манчестер Ситиді” жиынтық 6:3 есебімен сенімді түрде жеңе алды.
1/8 финалда Карло Анчелотти шәкірттерін не мадридтік дерби, не Хаби Алонсо бастаған леверкузендік “Байер” күтеді.
Чемпиондар лигасы. 1/16 финал. 20 ақпан.
Реал Мадрид (Испания) - Манчестер Сити (Англия) - 3:1 [алғашқы матч - 3:2]
Голдар: Мбаппе, 4, 33, 61 - Нико, 90+2.

Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30