Челси Стэмфорд Бриджде қалып, стадионды 55 000 орынға дейін кеңейтуі мүмкін
Егер Тодд Боэли директорлар кеңесіндегі орынға қатысты дауда Бехдад Эгбалиге жеңілсе, “Челси” “Стэмфорд Бриджде” қалады және стадионды 55 000 орынға дейін кеңейтеді.
The Sun мәліметінше, клубтың қос иесі Боэли мен Эгбали арасында клубтың болашақ дамуы жөнінде келіспеушіліктер туындаған. Боэли “Челсидің” Эрлс-Кортта 60 000 орындық жаңа стадионға көшкенін қалайды, ал Эгбали қазіргі 40 000 адамды қабылдай алатын “Стэмфорд Бриджді” қайта жаңарту жұмыстарын ұсынады. Бұл жоба 1,5 миллиард фунт стерлингті талап етеді.
Екі серіктес бір-бірінің үлесін сатып алуға тырысып жатыр, бұл Эрлс-Корттағы жаңа стадион жобасының жүзеге асуын барған сайын азайтып отыр. Егер “Челси” “Стэмфорд Бриджді” кеңейту туралы шешім қабылдаса, клуб стадионнан екі жылға уақытша кетуге мәжбүр болады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52