Челси сапына тағы бір украиндықты қоспақшы: лондондықтар Судаковқа 78 млн еуро ұсынды
Футбол
21 қаз 2024 04:44
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Челси сапына тағы бір украиндықты қоспақшы: лондондықтар Судаковқа 78 млн еуро ұсынды
Украина құрамасының және донецктік “Шахтер” жартылай қорғаушысы Георгий Судаков мансабын Лондонның “Челси” клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Daily Express басылымы.
Дереккөздің мәліметі бойынша, “көктер” 22 жастағы футболшы үшін 78 миллион еуро ұсынуға дайын.
Бұған дейін Судаковқа Лондонның “Арсенал” клубы да қызығушылық танытқаны хабарланған.
Ағымдағы маусымда Судаков “Шахтер” сапында барлық турнирлерде 11 матч өткізіп, 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас авторы атанды. Transfermarkt футболшыны 35 миллион еуроға бағалайды.
Айта кетейік, “Челси” жақында Премьер-лига аясында тарихи рекорд орнатты.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52