Челси Мудрикті қыста сатуды жоспарлап отыр
23 жастағы "Челси" клубының ойыншысы Михаил Мудрик 2024 жылдың қаңтар айында лондондық клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Footiecentral.
Ақпарат бойынша, "Челси" қыста Мудрикті басқа клубқа жіберуге дайын, себебі оған көптеген қызығушылықтар бар. АПЛ-дің екі командасы – Чемпиондар Лигасында өнер көрсететін "Астон Вилла" мен лондондық "Вест Хэм" ойыншыға қызығушылық танытқан. Сонымен қатар, француздық "Марсель" клубы да Мудрикке назар аударуда. "Челси" ойыншысын 35 миллион еуро шамасындағы бағаға сатуды жоспарлап отыр.
Мудрик ағымдағы маусымда "Челси" үшін 16 матч өткізіп, үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Михаил 2023 жылдың қаңтар айында клубқа қосылған болатын.
Астана Челсимен матч үшін 700 миллион теңгеден астам ақша табады
Басқа спорт түрлері
Бүгін 13:13