locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Челси» – «Манчестер Юнайтед» - 1:0. Кукурельяның шешуші соққысы. Голдар және матчқа бейнешолу

Футбол 16 мам 2025 18:05
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Челси» – «Манчестер Юнайтед»Кукурельяның шешуші соққысы. Голдар және матчқа бейнешолу
ФОТО: Getty images

17 мамырға қараған түні Лондонда орналасқан «Стэмфорд Бридж» стадионында АПЛ-дің 37-турындағы маңызды кездесу өтті. «Челси» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» 1:0 есебімен жеңіп, аса құнды үш ұпайға қол жеткізді.

Ойынның бірінші бөлігінде қос команда бір-бірінің қорғанысын бұза алмады. Алайда үзілістен кейін лондондықтар басымдықты өз қолына алды. 71-минутта Марк Кукурелья Рис Джеймстің пасын ұтымды пайдаланып, матчтағы жалғыз әрі жеңіс голын соқты.

Бұл нәтиже «Челсиға» турнирлік кестеде 66 ұпай жинап, доп айырмасы бойынша «Астон Вилланы» артта қалдырып, төртінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Ал «Манчестер Юнайтед» 39 ұпаймен 16-орында қалып, турнир кестесінің төменгі бөлігінде күресті жалғастырып жатыр.

Матчтың бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie