«Челси» маңызды ойында «Манчестер Юнайтедті» жеңіп, Чемпиондар лигасының аймағына көтерілді


16-нан 17 мамырға қараған түні Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионында Англия Премьер-лигасының 37-тур аясында өткен маңызды матчта «Челси» «Манчестер Юнайтедті» 1:0 есебімен жеңді.
Ойын тағдырын шешкен жалғыз гол 71-минутта соғылды - «көктердің» қорғаушысы Марк Кукурелья айып алаңында дәл соққымен көзге түсті. Энцо Мареска шәкірттері ойын бойы жинақы әрекет етіп, қорғаныста сенімді ойнап, қарсыласына есепті теңестіруге мүмкіндік берген жоқ.
АПЛ. 37-тур
«Челси» — «Манчестер Юнайтед» — 1:0
Гол: Кукурелья, 71’
Бұл жеңіс «Челсиге» 66 ұпай жинап, турнирлік кестеде 4-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Олар дәл сондай ұпайы бар «Астон Вилладан» доп айырмасы бойынша озып кетті.
«Челси» үшін бұл Чемпиондар лигасына жолдама алу жолындағы маңызды қадам болды. Ал «Манчестер Юнайтед» жанкүйерлерін тағы да қуанта алмады - команда 39 ұпаймен 16-орында қалуда.

