«Челси» «Эсперансты» ойсырата жеңіп, клубтық ӘЧ 2025 плей оффына шықты


25 маусымда АҚШ‑тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында клубтық әлем чемпионаты‑2025 топтық кезеңінің 3‑тур ойыны аяқталды.
«Линкольн Файнэншл Филд» стадионында лондондық «Челси» Тунистің «Эсперанс» командасын 3:0 есебімен жеңді.
Алғашқы голды бірінші таймның қосымша минутында (45+3) Тосин Адарабиойо соқты. Арада екі минут өткен соң Лиам Делап есепті еселеді (45+5). Кездесудің соңғы голын Тайрик Джордж 90+7‑минутта алыстан бағытталған соққымен енгізіп, матчтың соңғы есебін белгіледі.
Әлем. Клубтық әлем чемпионаты‑2025. 3‑тур
«Эсперанс» - «Челси» - 0:3
Голдар: 45+3, Адарабиойо, 45+5, Делап, 90+7, Джордж
Осы жеңістің арқасында лондондық ұжым үш матчтан 6 ұпай жинап, D тобында 2‑орынға орнықты және клубтық әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Ал «Эсперанс» 3 ұпаймен топтық кезеңді 3‑орында аяқтады.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11