locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Челси екі ойыншысын Джейдон Санчоға айырбастауға ниетті

«Челси» Рахим Стерлинг пен Бен Чилуэллді Джейдон Санчоға айырбастау мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Ди Марцио.

Санчо «Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері Эрик тен Хагтың негізгі жоспарларына кірмейді, ойыншы Премьер-лиганың алғашқы екі матчына қатысқан жоқ. Осы жағдайға байланысты «Челси» Джейдон Санчоны өз қатарына қосуға үміткерлер қатарында және Стерлинг пен Чилуэллді айырбасқа ұсыну мүмкіндігін қарастыруда.

Сонымен қатар, «Ювентус» Санчоға қызығушылық танытуда және бір маусымға жалға алуды қалайды деп хабарлануда. Дегенмен, «Манчестер Юнайтед» ойыншыны осы трансферлік терезеде толыққанды сатуды жөн көріп отыр.