Челси бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниордың Реалдағы жағдайын ұтымды пайдаланғысы келеді
Лондондық “Челси” испандық “Марка” газетінің хабарлауынша, “Реалдың” бразилиялық шабуылшысы Винисиус Жуниордың жағдайын мұқият бақылап отыр.
Дереккөздердің мәліметінше, Винисиус клуб басшылығының, әсіресе “Алтын допқа” иелік етпегеннен кейін, жеткіліксіз қолдау көрсетуіне байланысты көңілі қалған. Мұндай қарым-қатынас оны мадридтік клубтағы болашағын ойлауға мәжбүр етті.
“Реалдың” басшылығы да ойыншыға наразылық білдіруде. Олардың пікірінше, Винисиус көптеген жанжалдардың нәтижесінде “токсикті активке” айналды, бұл клубтың репутациясына теріс әсер етуде. Осыған байланысты тараптар ынтымақтастықты тоқтату жөнінде шешім қабылдауы мүмкін, әсіресе бразильдіктің 2027 жылға дейінгі келісімшартты ұзартуға қызығушылығы жоқтығын ескерсек.
Винисиусты сатып алуға қызығушылық танытатындардың арасында “Челси” мен ПСЖ бар, олар жағдайдың дамуын мұқият бақылап отыр.
Бұл маусымда Жуниор “Реал” үшін 15 матч өткізіп, 8 гол соғып, 7 асист жасаған.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52