locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Челси Атлетиконың жұлдызды шабуылшы бойынша келісімге келді

Челси Атлетиконың жұлдызды шабуылшы бойынша келісімге келді

Челси Атлетико шабуылшысы Жоау Феликспен келісімге келді, деп хабарлайды The Athletic. Жақын күндері ойыншы Лондонға ұшып барады.

Көктер ойыншымен 1 жылға ұзарту мүмкіндігімен 6 жылға дейін келісімшартқа отырады. Португалиялық үшін лондондықтар 50 млн еуро төлейді. Және матрасшылар тағы 5 млн бонус алуы мүмкін.

Феликс 2023/23 жылдары Челсиге жалға берілген болатын. Сол кезде ол көктер үшін 20 ойынға қатысып, 4 гол соқты.

Осымен қатар Атлетико мен Челси тағы бір ойыншы бойынша келісімге келді. Конор Галлахер Мадридке аттанады. Трансфер құны 42 млн еуро.