locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Челси Астанамен өтетін ойынға арналған құрамын жариялады

Челси Астанамен өтетін ойынға арналған құрамын жариялады
ФОТО: Челси ФК

12 желтоқсанда Алматыда Қазақстан футболындағы жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі өтеді: Конференциялар лигасы аясында “Астана” лондондық “Челсиге” қарсы ойнайды.

Ағылшын чемпионатының екінші орнында тұрған “Челси” дәстүрлі түрде еурокубок ойындарында құрамын жаңартып отырады. Алайда, бұл жолы бас бапкер Энцо Мареска күтпеген шешім қабылдады. “Астанаға” қарсы матчқа клуб академиясының бірнеше жас ойыншысы шақырылып, негізгі көшбасшылар Лондонда қалды.

Бұл матчқа шақырту алмағандар қатарында Роберт Санчес, Николас Джексон, Ливай Колуилл, Михаил Мудрик, Марк Кукурелья, Жоау Феликс, Энцо Фернандес және Мойзес Кайседо бар. Бапкерлік штабтың мұндай шешімі алдағы ойынға ерекше интрига қосып отыр.

Бүгінгі матч Алматыдағы “Орталық” стадионында өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да басталады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie