locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чебуриннің Жальгирисі Литва чемпионатының аутсайдерін жеңе алмады

Чебуриннің Жальгирисі Литва чемпионатының аутсайдерін жеңе алмады

Қазақстандық маман Владимир Чебурин жаттықтыратын Вильнюстік "Жальгирис" Литва чемпионатының 28-ші турында "Судуваны" жеңе алмады. Мариямполдық командамен тең тарқасты.

Алаң иелері бірінші таймның ортасында есеп ашты - Артем Федоров гол соқты. "Жальгирис" тек үзілістен кейін есепті теңестірді – Ливиу Антал пенальтиден гол соқты. Чебурин командасы жеңіске жете алмады – матч 1:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, "Жальгирис" 28 турдан кейін Литва чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр.

Литва чемпионаты, 28-тур

Судува (Мариямполе) - Жальгирис (Вильнюс) - 1:1 (1:0)
Голдар: Федоров, 14 – Антал, 56 (пенальтимен).