locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

ӘЧ - 2026 іріктеу: Эквадор Боливияны тас- талқан етті

ФОТО: gettyimages.com

2026 жылғы Әлем чемпионатының Оңтүстік Америка аймағы бойынша іріктеу турнирінің 11-ші турында Эквадор мен Боливия құрамалары Гуаякилде орналасқан "Банко Пичинча" стадионында кездесіп, алаң қожайындары 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың 24-минутында Боливияның орталық қорғаушысы Хосе Сагредо тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Ал екі минуттан кейін эквадорлық шабуылшы Эннер Валенсия пенальтиден есеп ашты. Тағы екі минуттан кейін Гонсало Плата Валенсияның пасынан кейін екінші голды соғып, есепті арттырды.

49-минутта Плата дубль жасады, бұл жолы да голды Валенсияның асистімен енгізді. 61-минутта жартылай қорғаушы Алан Минда ойынның соңғы нәтижесін тіркеді.

Бұл жеңіс нәтижесінде Эквадор 11 матчтан кейін 16 ұпаймен 5-орынға көтерілді, бірақ конфедерацияның шешімі бойынша үш ұпайы алынды. Боливия 12 ұпаймен 8-орынға жайғасып, Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен сырт қалды.

Алдын Месси көмектесе алмады; Парагвай -Аргентина ӘЧ- 2026 іріктеу

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie