Бундеслига. Майнц үстемдік көрсетті, гладбахтық Боруссияның құрғақ жеңісі
24 қараша күні Германия Бундеслигасының 11-турының соңғы екі кездесуі өтті. “Майнц 05” сырт алаңда “Хольштайн Кильді” 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, маңызды үш ұпайды қанжығасына байлады. Ал Менхенгладбахтық “Боруссия” өз алаңында “Санкт-Паулиді” 2:0 есебімен жеңіп, айқын басымдық көрсетті.
Бундеслига. 11-тур.
“Хольштайн” Стэдиум
“Хольштайн Киль” – “Майнц 05” – 0:3 (0:2)
Голдар: Амири, 11 (0:1); Буркарт, 37 (пенальти, 0:2); Ли, 53 (0:3)
“Боруссия-Парк” Стэдиум
“Боруссия” Менхенгладбах – “Санкт-Паули” – 2:0 (2:0)
Голдар: Плеа, 13 (1:0); Клайндинст, 43 (2:0)
“Хольштайн Киль” турнирлік кестенің 17-ші сатысында қалды. Команданың еншісінде небәрі 5 ұпай бар. “Майнц 05” бұл жеңістен кейін 16 ұпаймен 8-орынға көтерілді.
Ал гладбахтық “Боруссия” 6-орынға көтерілді, Херардо Сеоаненің шәкірттерінің еншісінде 17 ұпай бар. “Санкт-Паули” болса, 8 ұпаймен 16-орында қалып, төменгі лигаға түсіп қалу аймағынан шыға алмады.
Серия А. Раньеридің Романың бапкері ретінде Наполиге қарсы бірінші ойында жеңілісі
Теннис
Бүгін 14:08
Футбол
Бүгін 13:47
Футбол
Бүгін 13:21