locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бундеслига. Голға толы матчта Бавария тең ойнады, ал Лейпциг сырт алаңда минималды жеңіске жетті

Футбол 06 қаз 2024 13:32
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Фото: официальный сайт Bundesliga
Бундеслига. Голға толы матчта Бавария тең ойнады, ал Лейпциг сырт алаңда минималды жеңіске жетті

6 қазан, жексенбі күні Германияның жоғары футбол дивизионы Бундеслигада 6-турдың екі матчы өтті.

Алғашқы ойында Конференциялар Лигасының қатысушысы “Хайденхайм” өз алаңында РБ “Лейпцигке” 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Жалғыз голды бельгиялық Опенда соқты. Қазіргі таңда “Лейпциг” 14 ұпаймен 2-орында келеді. Франк Шмидттің шәкірттері маусымды қарқынды бастағанымен, қазір ұпай жинауда аздап баяулады. Қазіргі уақытта “Хайденхайм” 9 ұпаймен 9-орында тұр.

“Бавария” Франкфуртта “Айнтрахтпен” голға толы ойын өткізді. Мюнхендік клуб франкфурттық “Айнтрахтпен” 3:3 есебімен тең түсті. Шешуші голды “Айнтрахт” шабуылшысы Омар Мармуш екінші таймның қосымша уақытында соқты. Венсан Компанидің командасы чемпиондық амбицияларын растады, “Бавария” биылғы Бундеслига маусымында әлі жеңілген жоқ. Мюнхендік команда 14 ұпаймен 1-орында орналасқан. Өз кезегінде, “Айнтрахт” 13 ұпаймен 3-орынға жайғасты.

Бундеслига. 6-тур. 6 қазан


“Хайденхайм” - РБ “Лейпциг” - 0:1 (0:0)


Гол: Опенда, 59 (0:1)

“Айнтрахт” Франкфурт - “Бавария” Мюнхен – 3:3 (2:2)


Голдар: Ким, 15 (0:1); Мармуш, 22 (1:1); Экитике, 35 (2:1); Упамекано, 38 (2:2); Олисе, 53 (2:3); Мармуш, 90+ (3:3)

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie