locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бундеслига. Байер күтпеген жерден тең ойнаса, Боруссия жеңіліп қалды

Футбол 26 қаз 2024 14:51
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Бундеслига. Байер күтпеген жерден тең ойнаса, Боруссия жеңіліп қалды
Фото: Meta-ratings.kz

26 қазанда Германия Бундеслигасының 8-туры аясында бес матч өтті.

“Аугсбург” Дортмундтың “Боруссиясын” 2:1 есебімен жеңді. Нури Шахиннің командасы 13 ұпаймен жетінші орынды иеленсе, жеңістен кейін “Аугсбург” 10 ұпаймен 11-ші орынға көтерілді.

“Санкт-Паули” “Вольфсбургтен” ұпай тартып алды — 0:0. “Қарақшылар” 5 ұпаймен 16-шы орында, ал “қасқырлар” 8 ұпаймен 14-ші орында тұр.

РБ “Лейпциг” “Фрайбургты” 3:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде көш бастады, олардың еншісінде 20 ұпай бар. “Фрайбург” 15 ұпаймен төртінші орынға жайғасты.

“Штутгарт” “Хольштайн Кильді” минимальді 2:1 есебімен жеңді. Ойыннан кейін “Штутгарт” 12 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді, ал Марсель Рапптың шәкірттерінің 2 ұпаймен ғана, 17-ші орында тұр.

Леверкузендік “Байер” бремендік “Вердермен” ұпай бөлісті — 2:2. Хаби Алонсоның шәкірттері 15 ұпаймен үшінші орында тұр. “Вердер” 12 ұпаймен 9-шы орында.

Бундеслига. 8-тур. 26 қазан

“Аугсбург” – “Боруссия” Дортмунд – 2:1 (1:1)

Голдар: Мален, 4 (0:1); Клод-Морис, 25 (1:1); Клод-Морис, 50 (2:1)

“Санкт-Паули” – “Вольфсбург” – 0:0 (0:0)

РБ “Лейпциг” – “Фрайбург” – 3:1 (0:1)

Голдар: Доан, 15 (0:1); Орбан, 47 (1:1); Гертруйда, 58 (2:1); Опенда, 78 (3:1)

“Штутгарт” – “Хольштайн Киль” – 2:1 (1:0)

Голдар: Ундав, 19 (1:0); Туре, 61 (2:0); Гигович, 84 (2:1)

“Вердер” Бремен – “Байер” Леверкузен – 2:2 (0:1)

Голдар: Бонифейс, 30 (0:1); Дукс, 74 (1:1); Агу, 77 (өз қақпасына, 1:2); Шмид, 90 (2:2)

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie