Буде-Глимт соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды
Еуропа Лигасының жалпы кезеңінің 3-ші турындағы матчта “Брага” өз алаңында норвегиялық “Буде-Глимтті” қабылдады.
Брага қаласындағы қалалық стадионда өткен кездесу қонақтардың пайдасына шешілді. Матчтағы есепті “Буде-Глимт” шабуылшысы Хакон Эвьен ашты. Ал 64-ші минутта “Браганың” малилік қорғаушысы Сику Ньакате есепті теңестірді.Алайда, екі минуттан кейін сары қағаз алып, келесі минутта қызыл қағазбен алаңнан қуылды. “Брага” командасы бір ойыншысы кем болса да ойынның соңына дерлік төтеп берді: жеңіс голын 19 жастағы қорғаушы Вилладс Нильсен 90+4 минутта соқты.
Есеп 1-2, Эвьен 53’, Ньакате 64’, Нильсен 90+4’.
Үш турдан кейін норвегиялық клуб жалпы кестеде жеті ұпаймен екінші орында тұрса, “Брага” үш ұпаймен 20-шы орында.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52