Бруну Фернандеш Юнайтед сапында алғаш рет қызыл қағаз алды
Футбол
29 қыр 2024 15:12
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Бруну Фернандеш Юнайтед сапында алғаш рет қызыл қағаз алды
"Манчестер Юнайтед" жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш Англия Премьер-лигасының (АПЛ) 6-турындағы "Тоттенхэмге" қарсы ойында (0:3) алаңнан қуылды.
41-минутта португалиялық ойыншы "Тоттенхэм" жартылай қорғаушысы Джеймс Мэддисонмен қақтығыстан кейін тікелей қызыл қағаз алды. Бұл Фернандештің "Манчестер Юнайтед" сапындағы алғашқы алаңнан қуылуы. Бұған дейін, "қызыл сойқандар" сапында өткізген 241 матчта португалиялық ойыншы қызыл қағаз алмады.
Жалпы алғанда, бұл Брунуның мансабындағы үшінші қызыл қағаз. Бұған дейін ол "Спортинг" пен "Удинезе" сапында бір-бір реттен алаңнан қуылған.
Ағымдағы маусымда 30 жастағы жартылай қорғаушы АПЛ-де 6 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52