locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бровкова каноэде есуден 2024 жылғы ӘЧ жүлдегері атанды

Бровкова каноэде есуден 2024 жылғы ӘЧ жүлдегері атанды

2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы каноэде есуден әлем чемпионы Мария Бровкова Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан 2024 жылғы әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта үшінші орынға ие болды.

Соңғы жарыста 19 жастағы Бровкова 02:09.731 нәтижесін тіркеп, төрт дүркін әлем чемпионы украиналық Людмила Лузаннан үш секундқа қалып қойыд. Екінші орынды қазақстандық спортшыдан бір секундқа озған Мария Мальярд иеленді.

500 метр қашықтықтағы аралас каноэ финалында Сергей Емьянов пен Руфина Искакова жұбы сегізінші болып аяқтады және жеңімпаздардан он секундқа қалып қойды.