Британдық әнші Эд Ширан АПЛ клубының акционері атанды
Танымал британдық әнші Эд Ширан өзінің сүйікті клубының бір бөлігінің акциясын иелік етті. Музыкант «Ипсвич Таун» клубының иелерінің бірі атанды.
Эд Ширан бала кезінен «Испвич» жанкүйері. 33 жасар музыкант бірнеше жылдан бері клубты қаржыландырып жүр. Ол 2021 жылы «Ипсвич» ерлер және әйелдер командасының демеушісі атанды.
Эд Ширан өзінің Gamechanger 20 Ltd компаниясы арқылы «Ипсвич» клубының 1,4% акциясын иемденді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Тараптар келісімшарт құнын жария етпейді.
Ширан клубтың басшылар құрамына кірмейді. Алайда музыканттың үйдегі аренада өзіндік басқару орыны болады.
"Мен туған қаламның клубының, кішкентай бөлігінің иесі атанғаныма өте қатты қуаныштымын. Әрбір жанкүйердің арманы - өзінің қолдайтын клубының иесі атану және де мен осындай мүмкіндікке алғысым шексіз. Мен Сффолкеде 3 жылдан бері тұрамын, мен әлемнің түкпір-түкпіріне саяхаттаймын және үлкен қалаларда өзімді бөтен сезінемін", - деді Эд Ширан.
Музыкант алдағы уақытта клубтың басқаруына араласпайтынын атап өтті.
«Ипсвич» АПЛ-дің жаңа маусымының бірінші матчын өз алаңында өткізеді. Қарсыласы айбарлы "Ливерпуль". Ойын сенбі күні, 17 тамыз, Астана уақытымен 16:30 басталады.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20