Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы “Фулхэм” сапынан кетті
Бразилия ұлттық құрамасы мен лондондық Челсидің бұрынғы ойыншысы Виллиан ресми түрде "Фулхэм” сапынан кетті. Қазіргі таңда ойыншы еркін агент.
Бұл туралы Виллиан өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде жариялады. Жартылай қорғаушы клубта өткізген уақыты үшін алғысын білдіріп, клубтың болашақ ойындарына сәттілік тіледі.
Виллиан Фулхэм сапына 2022 жылы ауысты және команда да екі толық маусым өнер көрсетті. Осы аралықта жартылай қорғаушы 67 ойын өткізіп, 10 гол соқты және 7 нәтижелі пастың авторы атанды.
Виллиан бұрын-соңды "Шахтер" (Украина), "Анжи" (Ресей), "Челси", "Арсенал" ( Англия) және "Коринтианс" (Бразилия) клубтары сапында өнер көрсетті.
Бразилия ұлттық құрамасына Виллиан 2019 жылдан бері шақырту алмайды. Ұлттық құрама үшін ойыншы барлық турнирлерде 70 матч өткізіп, Америка Кубогының жеңімпазы атанды.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20