Брайтон Тоттенхэммен өткен голға толы ойында жеңіссіз сериясын үзді
6 қазан күні Англия Премьер-лигасының 7-турындағы соңғы матч “Брайтон” мен “Тоттенхэм” арасында өтті. “Брайтон” бірінші таймда 0:2 есебімен ұтылып жатқанымен, екінші таймда керемет камбэк жасап, Фабиан Хюрцелердің шәкірттері 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл ойыннан кейін “Брайтон” 5-орында тұрған “Астон Виллаға” екі ұпайға жақындады. Қазіргі уақытта “Брайтон” 12 ұпаймен 6-орынды иеленіп отыр. Ал “Тоттенхэм” 10 ұпаймен 9-орынға жайғасты.
АПЛ. 7-тур. 6 қазан
“Брайтон” - “Тоттенхэм” – 3:2 (0:2)
Голдар: Джонсон, 23 (0:1); Мэддисон, 37 (0:2); Минте, 48 (1:2); Рюттер, 58 (2:2); Уэлбек, 66 (3:2)
Айта кетейік, бұған дейін “Астананың” Конференциялар Лигасындағы қарсыласы “Челси” күтпеген жерден “Ноттингем Форрестпен” тең ойнап, ұпай жоғалтқан болатын.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20