«Боруссия» Чемпиондар лигасында, «Лейпциг» еурокубоктардан тыс қалды. Бундеслига-2024/25 нәтижелері


17 мамырда Германия Бундеслигасының соңғы 34-ші турының барлық ойындары өтті.
Соңғы турда кімнің еурокубоктарға жолдама алатыны шешілді, атап айтқанда, Чемпиондар лигасы аймағындағы орын үшін қызу тартыс болды.
Дортмундтық «Боруссия» «Хольштайн Кильді» 3:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының тағы бір қатысушысы франкфурттық «Айнтрахттан» (1:3) жеңілген «Фрайбургты» басып озды. Бір қызығы, ақпан айында дортмундтықтар турнир кестесінде 11-орынға жайғасқанымен, сол кезде келген Нико Ковач командасын төртінші орынға сүйреп шығара алды.
Чемпиондар лигасына чемпион мюнхендік «Бавария» мен вице-чемпион леверкузендік «Байер» де қатысады. «Фрайбург» Еуропа лигасында Германия намысын қорғайды. Ал «Майнц» үшін Конференция лигадағы келесі маусым сегіз жылдан кейін еуропалық жарыстардағы алғашқы маусым болмақ. «РБ Лейпциг» Бундеслигадағы дебютінен бері алғаш рет еуропалық бәсеке аймағына кіре алмады.
Маусым соңында Германия біріншілігінен «Бохум» мен «Хольштайн Киль» кетеді. «Хейденхайм» өз кезегінде плей-офф кезеңінде бағын сынайтын болады.
Бундеслиганың соңғы кестесі:

