Борис ЦМИЛЯНИЧ: “Екі елдегі футбол деңгейін салыстырғым келеді”
“Қызылжар” командасының экс – шабуылшысы Борис Цмилянич, қазіргі Кипрдің “Кармиотиссу” клубының ойыншысы, алдағы Конференция Лигасының “Астана” – “Пафос” командалары арасындағы ойын жайлы пікірін білдірді, деп хабарлады Sport+.
“Қазір “Астана” чемпионатта жақсы ойын көрсетіп, чемпиондыққа таласып жатыр, сондықтан бұл команда үшін “Пафоспен” сырт алаңда ойнауға күш жұмсайтын ең жақсы уақыт болмауы мүмкін. Қазіргі уақытта “Пафос” Кипрдегі ең үздік командалардың бірі, тіпті үздігі деп айтуға болады. Олардың құрамында жоғары деңгейде ойнаған көптеген легионерлер бар, және 18-20 сапалы ойыншылары бар. Бұл матчты асыға күтіп жүрмін, себебі соңғы ойнаған екі елдегі футбол деңгейін салыстырғым келеді”.
Борис Цмилянич “Қызылжар” сапына 2023 жылы келіп қосылды. Петропавлдық клуб сапында 19 ойын өткізіп, 4 гол соққан. Естеріңізге сала кетейік, “Пафос” – “Астана” кездесуі 7 қараша күні өтеді.
Хоккей
Бүгін 13:25
Теннис
Бүгін 12:47
Хоккей
Бүгін 12:12