locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

"Бұл футболдың рухы емес". Аталанта бапкері Гасперини Брюггеге қойылған пенальти үшін ашуға мінді

"Бұл футболдың рухы емес". Аталанта бапкері Гасперини Брюггеге қойылған пенальти үшін ашуға мінді
ФОТО: Getty Images

12 ақпанға қараған түні бельгиялық “Брюгге” мен итальяндық “Аталанта” арасында Чемпиондар лигасының 1/16 финалының ойыны өтті.

Матч қосымша уақытта берілген даулы пенальтидің арқасында алаң иелерінің 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Бергамолық клубтың жаттықтырушысы Джан Пьеро Гасперини оқиға туралы өз ойын айтып, қазіргі футболдағы үрдістерді сынға алды.

"Футбол кімнің жетекшілігімен мүлдем футболға ұқсамайтын бағытта жүріп жатқанын айта алмаймын.

Ойыншылар пенальтиді алу үшін айып алаңында өз-өздерін лақтырады. Бұл футболдың рухы емес. Ережелер қисынсыз", - деді Гасперини.

Естеріңізге сала кетейік, текетірестің қарымта кездесуі 18 ақпанда “Аталантаның” өз стадионында өтеді.

Реалға ыңғайсыз қарсылас па? Мадридтіктердің Испания кубогындағы қарсыласы туралы қызықты дерек

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie