Бүкіл тайм азшылықта. Монако Бенфикадан ойсыра жеңіліске жол бермеді


13 ақпанда Чемпиондар лигасының 1/16 финалындағы “Монако” мен “Бенфика” арасындағы алғашқы ойын өтті.
Матч португалдықтардың минималды жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды Павлидис 48-ші минутта салды - ол допты қарсылас қақпашының үстінен асып жіберді. Төрт минуттан кейін “Монаконың” жартылай қорғаушысы Әл-Мусрати өрескел қателік жасап, әріптестерін азшылықта қалдырды. Он адаммен ойынды жалғастырған “монегасктар” өз қақпасын қорғап, есепті сақтай алды. Енді олар 19 ақпан күні сырт алаңда өтетін кездесуде жеңіске жетуге тырысады.
Чемпиондар лигасы. 1/16 финал. 13 ақпан
Монако (Франция) - Бенфика (Португалия) - 0:1 (бірінші матч)
Гол: Павлидис, 48.
Қызыл қағаз: Әл-Мусрати, 52 (Монако)


Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30