locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Бірінші лига басталды: «Шахтер» дебюттік ойында жеңіске жетті, «Ертіс» қарсыласын тізе бүктірді

Футбол 09 сәу 2025 13:09
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Бірінші лига басталды: «Шахтер» дебюттік ойында жеңіске жетті, «Ертіс» қарсыласын тізе бүктірді
ФОТО: Шахтер ФК

9 сәуір күні Қазақстанның Бірінші лигасы жаңа маусымын бастады. Үш қалада өткен алғашқы тур ойындары жанкүйерлерге қызықты сәттер мен ірі есептер сыйлады. Бірнеше клуб маусымды жеңіспен бастап, жоғары лигаға жолдама үшін күресті сенімді бастады.

Қарағандылық «Шахтер» клубы тарихында алғаш рет Бірінші лигада ойнап отыр. Премьер-лигадан ұшып кеткеннен кейін команда жеңіске жетіп, маңызды үш ұпай еншіледі. Диас Қалыбаев пен Олжас Керімжанов гол соғып, клубқа сәтті дебют сыйлады.

«Түркістан» – «Шахтер» – 1:2
Голдар: Рамазан Әлі-Оғлы 36 – Диас Қалыбаев 19, Олжас Керімжанов 83

Ақтаулық «Каспий» өз алаңында ойынды ширақ бастады. Бірінші таймда үш гол соғып, ойын тағдырын шешіп тастады. Қонақтар тек бір голмен жауап қатты.

«Каспий» – AKAS – 3:1
Голдар: Берік Айтбаев 26, Алмас Арменов 30, Мирас Тұрлыбек – Хамза Мұхамметәлі 39

Павлодарлық «Ертіс» Қайрат Нұрдәулет баптайтын ұжым ретінде алғашқы турда керемет ойын көрсетті. Команда төрт бірдей гол соғып, «Екібастұзды» ойсырата жеңді. Бұл жеңіс жанкүйерлерге үміт сыйлап, команданың биылғы маусымдағы үлкен мақсаттарға дайын екенін аңғартты.

«Ертіс» – «Екібастұз» – 4:0
Голдар: Нұралы Елемес 41, Мирам Кикбаев 48, Максим Федин 55, Арман Смағұлов 76

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie