Биыл футбол жанкүйерлерді қызықтырды: Бірінші лигада 130 мыңнан астам жанкүйер командаларын қолдады
Биылғы маусымда футболдан Бірінші лига ойындарына 132 420 жанкүйер жиналды.
4 сәуірде басталып, 25 қазанда аяқталған Бірінші лига маусымы жанкүйерлерге көптеген жарқын сәттер сыйлады. Чемпиондыққа талас пен көшбасшылық үшін күрес соңғы турға дейін созылып, бүкіл ел бойынша жанкүйерлердің назарын аударды. Нәтижесінде маусым бойы трибуналарға 132 420 жанкүйер жиналып, өз командаларын қолдап, осы әсерлі футбол оқиғасының бір бөлігіне айналды.
Маусымдағы ең көп көрермен жиналған ойындар “Тараз” - SD Family кездесуі (5 200 көрермен) және “Оқжетпес” - “Хан-Тәңірі” ойыны (4 000 көрермен) болды.
Бірінші лиганың қорытындысы бойынша чемпиондық атақты 63 ұпай жинаған “Оқжетпес” иеленді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, келесі маусымда ҚПЛ 14 командаға дейін кеңейеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52