locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бешікташтың чемпионаттағы ауыр жеңілісі. Зайнутдинов тағы да қосалқы құрамда

Бешікташтың чемпионаттағы ауыр жеңілісі. Зайнутдинов тағы да қосалқы құрамда
Фото: sportburo.kz

Жексенбі, 24 қараша күні Түркия Суперлигасының 13-туры аясында “Бешікташ” пен “Гезтепе” арасындағы кездесу өтті. Өз алаңында ойнаған “Бешікташ” жанкүйерлерінің үмітін ақтай алмай, 2:4 есебімен жеңіліп қалды.

Түркия Суперлигасы. 13-тур. “Тупрас” Стэдиум

“Бешікташ” – “Гезтепе” – 2:4 (2:2)

Голдар: Киличсой, 3 (1:0); Мпуту, 9 (автогол, 2:0); Мпуту, 12 (2:1); Алтыкардеш, 32 (2:2); Фофана, 82 (2:3); Тиянич, 90+ (2:4)

Алаңнан қуылды: Хуан (“Гезтепе”)

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдинов бұл матчта да “Бешікташ” сапында алаңға шықпай, бесінші рет қосалқы құрамда қалды. 26 жастағы футболшы биылғы маусымда стамбұлдық клубтың жейдесінде небәрі екі матч өткізіп, әзірге нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.

Қазіргі таңда “Бешікташ” пен “Гезтепе” Суперлига турнирлік кестесінде көршілес 6-шы және 5-ші орындарды бөлісіп тұр. Екі команда еншісінде 21 ұпайдан бар.

Атырау басшысы Апсалямов Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болуы мүмкін

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie