Бернардо СИЛВА: «Манчестерде екі матч қатарынан жеңілгеніміз есімде де жоқ»
Португалия құрамасының және «Манчестер Ситидің» футболшысы Польша құрамасына қарсы ойыннан (5:1) кейін өз клубы үшін қиын кезең туралы айтты.
“Бұл халықаралық үзіліс біз үшін өте жақсы болды. Жоққа шығармай ақ қояйық: бұл біздің команда үшін қиын сәт болды. Бұндай жағдай менің мансабымда ешқашан болған емес. Манчестерде екі матч қатарынан жеңілгеніміз есімде де жоқ. Үзіліс - бізге оралу үшін жақсы мүмкіндік, өйткені жарақаттан оралатын ойыншылар бар және бізде маусымның осы кезеңінде ең жақсы деңгейге оралу үшін жаңа ойлар бар”, - деді португалдық.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қараша күні «Манчестер Сити» Премьер-лигада «Брайтоннан» жеңілген болатын. Бұл барлық турнирлердегі қатарынан төртінші жеңіліс болды. Бұндай антирекорд Пеп Гвардиола заманында бірінші рет болып тұр.
Футбол
Бүгін 13:51
Теннис
Бүгін 13:04