Берік Қаниев ҚФФ президенттігіне үміткер болудан бас тартты
Берік Қаниев Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне өз кандидатурасын ұсынбайды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Құрметті достар, осы күндері маған Футбол федерациясының президенті лауазымына үміткер болуымды қалайтындарын айтқан адамдардан қоңыраулар көп болды.
Сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Алайда, қазіргі жұмысбастылығыма байланысты өз кандидатурамды ұсыну жоспарда жоқ.
Соған қарамастан, Федерацияны қолдап, сүйікті ойынымызды дамытуға әрқашан дайын екенімді айтқым келеді!
Айта кету керек, Берік Қаниев – Қазақстанда футболдың дамуына белсене атсалысқан кәсіпкер және спорттық функционер. Ол Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне үміткер ретінде қарастырылған еді. Қаниев “Жас-Қыран” балалар-жасөспірімдер орталығының жетекшісі және Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитетінің мүшесі болған.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52