locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бенфиканы турнирлерден шеттеуі мүмкін: прокуратура клубты қаржылық алаяқтықпен айыптауда

ФОТО:  Getty_images
Бенфиканы турнирлерден шеттеуі мүмкін: прокуратура клубты қаржылық алаяқтықпен айыптауда

“Бенфика” – Чемпиондар лигасын екі жеңіспен бастаған жеті команданың бірі. Алайда лиссабондық клубқа португалдық прокуратура тарапынан ауыр айыптар тағылып, турнирлерден шеттету талап етілуде.

A Bola басылымының хабарлауынша, прокуратура “Бенфикаға” сыбайлас жемқорлық пен салықтық алаяқтыққа қатысты айыптар тағуда. Нақты жағдайлар туралы айтылмаса да, айыптаулар дәлелденсе, клубты алты айдан үш жылға дейін жарыстардан шеттету қаупі бар.

Клуб бұл жағдайға дереу жауап беріп, мәлімдеме жасады. Онда клубтың заңгерлік тобы барлық айыптарды мұқият зерттейтіні айтылған. “Бенфика” бұл айыптауларды негізсіз деп санайды және оларды бұрынғы президент Луис Филипе Виейра мен экс-кеңесші Паулу Гонсалвестің қызметімен байланыстырады.

Еске салса кетсек, клубқа 2016-2019 жылдардағы қаржылық алаяқтыққа қатысты айыптар тағылып отыр. Ол кезде “Бенфика” қаржылық қиындыққа тап болған Сетубалдың “Витория” клубына көмектесті деп айыпталады, бұл көмек жалған трансферлер арқылы жүзеге асқан деп есептейді прокуратура.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie