Бекхэмнің компаниясы астаналық Жеңіс клубын сатып алуға мүдделі
Футбол
14 қара 2024 00:41
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty images
Англия құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэмнің компаниясы астаналық “Жеңіс” клубын сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Aladop.kz мәліметіне сәйкес, “Интер Майами” клубын басқаратын компания “Жеңіс” клубына бірнеше маңызды себептерге байланысты қызығушылық танытқан: әлемнің түкпір-түкпірінен ұшақтар келіп қонатын ыңғайлы орналасуы, заманауи “Астана Арена” стадионының болуы және Чемпиондар лигасы матчтарын өткізу мүмкіндігі.
“Жеңіс” Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді. Өткен маусымда астаналық команда 24 матчта 24 ұпай жинап, оныншы орынға ие болды.
Transfermarkt мәліметі бойынша, “Жеңіс” құрамындағы ойыншылардың жалпы құны 4,31 миллион еуроны құрайды.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52