Беделді басылым футболдағы жылды қорытындылады
Беделді ESPN порталы футболдан 2024 жылдың қорытындысын шығарды.
Басылымның мәліметінше, “Реал Мадрид” ойыншысы Винисиус Жуниор үздік футболшы деп танылды. Ал сол команданың басшысы Карло Анчелотти жылдың үздік бапкері атанды.
Испания құрамасы жылдың үздік командасы деп танылды. Ал ұлттық құрама сапында Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен Ламин Ямаль “жыл серпіні” номинациясын жеңіп алды.
Портал сонымен қатар өтіп жатқан жылдың ең үздік матчы - Чемпиондар лигасының ширек финалындағы “Реал Мадрид” пен “Манчестер Сити” кездесуін (3:3) анықтады.
Ал әйелдер футболында Айтана Бонмати ("Барселона") үздік ойыншы болып танылды, үздік команда - “Барселона", ал үздік жаттықтырушы - Эмма Хейс ("Челси", АҚШ құрамасы).
Футбол
Бүгін 04:02
Теннис
Бүгін 02:56
Футбол
Бүгін 02:28