locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

"Баварияның" экс-директоры Решке Вирцтің Реалда Алонсоның басшылығында ойнайды деп ойлайды

ФОТО:  Getty images

Мюнхендік "Баварияның" бұрынғы спорттық директоры Михаэль Решке леверкузендік "Байердің" жартылай қорғаушысы Флориан Вирцтің болашағы туралы пікір білдіріп, ойыншының "Реал Мадридте" мансабын жалғастыруды қалайтынын атап өтті.

"Вирцтің "Реалға" ауысуды ойлап жүргені анық. Бұл - Еуропадағы үздік клубтардың бірі. Менің жеке ойым бойынша, Вирц бір күні "Реалға" ауысады. Карло Анчелоттидің клубтан кетуі ықтимал, ал оның орнын Бундеслигада жұмыс істеп жүрген Хаби Алонсо басуы мүмкін. Егер бұл жағдай орын алса, Алонсо өзімен бірге сүйікті ойыншысын алып кетуі әбден мүмкін. Менің ойымша, бәрі осыған келе жатқандай", - деді Решке Sky Sports арнасына берген сұхбатында.

Ағымдағы маусымда 21 жасар Вирц "Байер" сапында барлық турнирлерде тоғыз ойын өткізіп, 6 гол соғып, бір нәтижелі пас авторы атанды. Ойыншының клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазының соңына дейін жарамды, ал Transfermarkt оның нарықтық құнын 130 миллион еуро деп бағалайды.