locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бавария Чемпиондар лигасының рекордын орнатты! Клуб турнирде алғаш рет тоғыз гол соқты

ФОТО: Getty Images

Германияның "Бавария" клубы турнирдің негізгі кезеңіндегі матчта тоғыз гол соққан Чемпиондар лигасындағы алғашқы клуб болды.

2024/25 жылғы Чемпиондар лигасының бірінші туры матчында қызылдар "Динамо Загребті" 9-2 есебімен жеңді.

Бұрын мұндай жетістікті мадридтік "Реал" Еуропа чемпиондары кубогының ойынында тіркеген еді. Ол кезде испандықтар австриялық "Ваккер Инсбрукты" 9-1 есебімен жеңді.

Айтпақшы, "Бавария" Чемпиондар лигасының турнир кестесінде бірінші орында тұр.

Турнирдің екінші турында мюнхендіктер Англияның "Астон Вилла" командасына қонаққа барады. Матч 2 қазаннан 3 қазанға қараған түні өтеді. Матчтың басталуы Қазақстан уақытымен 00:00-де.