locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бауыржан ТҰРЫСБЕК: “Ішің ауырып жатыр деп айтасың деді”

Футбол 19 қаз 2024 02:24
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО:  Getty images
Бауыржан ТҰРЫСБЕК: “Ішің ауырып жатыр деп айтасың деді”

Футбол жайлы баяндайтын Youtube-каналындар көбейген сайын біраз қызық ақпараттар ғаламтор беттерінде қаптап жүр. Экс-ойыншылардың көбі, біраз шындықтың бетін ашып жатқан жайлары бар. “Впорядке” Youtube-арнасына берген сұхбатында Бауыржан Тұрысбек, “Астанаға” қарсы ойын алдындағы жайт жайлы сөз етті.

-“2019 жылы “Тобыл” сапында ойнап жүргенде команда бірінші орында тұрды. “Астанадан” 6 ұпайға ұзап кеткенбіз. Оның үстіне, қосымша бір ойынымыз бар еді. Чемпионаттың аяқталуына 13 тур қалған. Сосын “Астанамен” матчтың уақыты келді. Сол кезде жігіттер келіп маған “ішім ауырып” жатыр деп айтайсың дейді. Яғни “Астанамен” кездесуге қатыспауым керек болды”, - дейді Бауыржан Тұрысбек.

Бауыржан Тұрысбектің айтуынша, команда жігіттері келісіп, алаңға шыққан. Тіпті, сол матчта Елордалық команданы 1:0 есебімен ұтқан екен.

- “Команданың басым бөлігі қазақ жігіттерден жасақталған. Команда болып жиналдық: “Жігіттер осы жерде шешейік, артынан түсініспеушілік болмасын. Кімнің ойнағысы келмейді немесе басқа сылтау айтатын болсаңдар ойнамаңдар. Қалғанымыз алаңға шығамыз. Оңай емес, бірақ соңына дейін барамыз” дедік. Жігіттер ойнауға келісті. Сөйтіп, 1:0 есебімен басым түстік. Барлығы жақсы болып жатқан. Келесі матч Еуропа лигасының кездесуі еді. Люксембург клубынан ұшып кеттік. Содан сын көбейді. “Айтқанды тыңдамадыңдар, енді осылай болады” деді. Содан чемпионатта жеңімпаз атанбақ тұрмақ, үшінші орын да алмадық. Біріншілікті төртінші орынмен аяқтадық”, - дейді Бауыржан Тұрысбек.

Биылғы маусымда Бауыржан, “Ұлытау” командасы сапында өнер көрсетті.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie