locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бақтиер Зайнутдинов Бешикташ сапында ойнамайды, бірақ Қазақстан құрамасына шақырту алды

Beşiktaş Sport басылымы қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдиновты іздейді. Ойыншы кенеттен жоғалып кетті: ол командада да, жаттығуда да жоқ, жазғы жолдастық кездесулерге қатысқан жоқ. "Бешикташ" бұл туралы ешқандай түсініктеме бермедә және бұл одан да көп сұрақтар туғызады.

"Ол қайда? Ол "Бешикташтың" ойыншысы ма?"- деп сұрайды Beşiktaş Sports басылымы.

Осының бәріне қарамастан , Қазақстан ұлттық құрамасы Зайнутдиновты қыркүйек айында өтетін Ұлттар Лигасы аясындағы Норвегия мен Словения құрамаларына қарсы матчтарға шақырды.

Бақтиер Зайнутдинов 2023 жылдың тамызында "Бешикташқа" ауысты, трансфер 4,5 миллион еуроны құрады. 2024 жылдың жазында ойыншының түрік командасынан кетуі мүмкін деген қауесет тарады.