locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

БАТЭ жанкүйерлері Оралхан Өміртаевтің голын қыркүйек айындағы үздік гол деп таныды

БАТЭ жанкүйерлері Оралхан Өміртаевтің голын қыркүйек айындағы үздік гол деп таныды

Қыркүйек айында борисовтық БАТЭ командасының ең үздік голының авторы Оралхан Өміртаев атанды. Қазақстандық шабуылшы өз командасының барлық төрт матчында ойынға алмастыру арқылы қатысты.

Ол осы ойындарда екі гол соқты: “Витебск” командасына қарсы жеңісті гол және “Шахтермен” тең ойынға үлес қосты.

БАТЭ баспасөз қызметінің мәліметінше, жанкүйерлер дәл осы “Шахтер” қақпасына Өміртаев соққан голды қыркүйек айындағы үздік гол ретінде таңдады. Бейнежазбаны осы жерден көруге болады.

Айта кетейік, Беларусь чемпионатында Өміртаев “Слуцк” командасында да өнер көрсеткен. Қазақстанда ол “Шахтер”, “Тобыл”, “Ақжайық” және “Атырау” командаларында ойнады.

Қыркүйек айында шабуылшы үш жылдық үзілістен кейін Қазақстан құрамасына шақырту алды, алайда Норвегия мен Словенияға қарсы матчтарда алаңға шыққан жоқ.