БАТЭ Оралхан Өміртаев туралы маңызды мәлімдеме жасады
Белоруссиялық БАТЭ командасы маусым аяқталғаннан кейін қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаевқа арнап әлеуметтік желіде жазба жариялады.
“Оралхан Өміртаев – 2024 жылғы чемпионатта қосалқы құрамнан шығып соғылған голдар саны бойынша үздік ойыншы!
Беларусь жоғары лигасының 30-турындағы БАТЭ – “Сморгонь” матчында біздің команданың қазақстандық шабуылшысы қосалқы құрамнан шығып, 2024 жылғы маусымда ойынға тыңнан қосылғаннан кейінгі 8-ші голын соқты.
Осы көрсеткіш бойынша ол Жодинодағы “Торпедо” командасының шабуылшысы Максим Скавышты басып озып, биылғы турнирдің үздігі атанды. Скавыштың есебінде 7 гол болған еді.
Бұл 8 голдың 5-уін Оралхан БАТЭ сапында, ал 3-уін “Слуцк” командасында жүргенде соқты. Айта кетейік, 2024 жылғы чемпионатта ол “ондықты” еңсерді: жалпы, оның есебінде “сары-көк” түсті команда үшін 6 гол және “Слуцк” сапында соғылған 4 гол бар.
Сондай-ақ Өміртаев 6 голмен БАТЭ-нің 2024 жылғы чемпионаттағы үздік сұрмергені атанды. Айта кету керек, шабуылшы тамыз айында ғана біздің команда сапында жоғары лигада өнер көрсетуді бастады. Ал лиганың жалпы сұрмергендер тізімінде 10 голмен үздік ондықтың қатарына енді.
Қызықты дерек: қосалқы құрамнан шығып соғылған голдар саны бойынша Өміртаев чемпионаттағы рекорды қайталады. Бұл рекорд та Скавышқа тиесілі еді: ол 2018 жылы БАТЭ сапында 8 гол соққан болатын,” – деп жазды БАТЭ-нің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Борисовтың БАТЭ командасы Беларусь чемпионатын сегізінші орынмен аяқтады.
Дереккөз: Еркебұлан Сейдахмет “Қайраттан” кетті.