locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Барселонаның шабуылшысы Чемпиондар лигасының тарихына енді

Барселонаның шабуылшысы Чемпиондар лигасының тарихына енді

"Барселонаның" шабуылшысы Роберт Левандовски Чемпиондар лигасының тарихына енді, деп хабарлайды the Athletic.

Левандовски негізгі кезеңінің бірінші турында швейцариялық "Янг Бойз" қақпасына екі гол соғып, "Барселона" құрамында Чемпиондар лигасындағы оныншы голын соқты. Осылайша, поляк Еуропаның басты клубтық турнирінің тарихында үш түрлі команданың құрамында он гол соққан екінші ойыншы атанды. "Барселонадан" басқа, Левандовски "Боруссия" Дортмунд құрамында 17 гол және "Бавария" сапында 69 гол соқты. Бұрын мұндай жетістік тек португалиялық Криштиану Роналдуда ғана болды, ол ағылшындық Манчестер Юнайтед, испаниялық Реал және итальяндық Ювентус құрамында гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, Барселона Янг Бойзды 5:0 есебімен жеңді.