locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Барселонаға Дани Ольмо мен Пау Викторды қайта тіркеу үшін 50 млн еуро қажет

"Барселонаға" Дани Ольмо мен Пау Викторды қайта тіркеу үшін 50 млн еуро қажет
ФОТО: fcbarcelona.com

“Барселонада” тағы да қаржы жетіспеушілігі қиын жағдай тудырып отыр. Бұл жолы жазда “Блауграна” сапына қосылған Пау Виктор мен Дани Ольмоны қайта тіркеуге 50 млн евро жетіспеуде, деп хабарлайды football-espana. Жаңа екі ойыншыны жазда “Ла Лиганың” ережелеріндегі осалдықты пайдаланып, Кристенсен мен Араухоның жарақат алғаны арқылы жалақы қорын қысқарта алған.

Енді ойыншылар сауыққан соң, Ольмо мен Викторды қайта тіркеу қажет болып отыр. “Nike” компаниясымен жаңа келісімшартқа қарамастан, каталондықтардың әлі де қаражаты жеткіліксіз. Бірақ, клубтың ресми мүшелерінің айтуынша, қаңтар айына қарай қаржы реттеліп, ойыншылар тіркелуі керек.

Еске салайық, жазда Дани Ольмо “Лейпцигтен” 62 миллион еуроға, ал Пау Виктор “Жиронадан” 2,5 миллион еуроға сатып алынған болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie