locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Барселона жартылай қорғаушысы Гави 11 айдан соң қатарға оралғаны жайлы пікір білдірді

ФОТО:  IG Gavi
Барселона жартылай қорғаушысы Гави 11 айдан соң қатарға оралғаны жайлы пікір білдірді

20 жастағы “Барселона” жартылай қорғаушысы Гави Ла Лиганың 10-турында “Севильяға” қарсы матчта (5:1) алаңға 11 айдан кейінгі оралуына байланысты әсерімен бөлісті.

“Қайтадан алаңға оралғаныма өте қуаныштымын. Бұл мен бірнеше ай бойы армандаған бақытты күн. Шынымды айтсам, Педри маған капитандық белгі берер деп ойлаған жоқпын.

Әр сәттен ләззат алып, барды бағалау қажет. Осы айларда команда маған үлкен қолдау көрсетті, мен оларға шын жүректен ризамын. Футбол – менің өмірім”, – деп Гавидің сөзін Barca Universal әлеуметтік желілерінде келтірді.

Еске сала кетейік, 20 жастағы жартылай қорғаушы өткен жылдың қараша айында Грузияға қарсы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында (3:1) тізесінің айқасқан байламын үзіп алған еді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie