locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Барселона үшін қиын жағдай: Тер Штеген жарақат алды

ФОТО:  Барселона ФК

“Барселонаның” қақпашысы Марк-Андре тер Штеген Испания чемпионатының 6-туры аясындағы “Вильярреалға” қарсы ойында жарақат алды.

Бірінші таймның соңында неміс қақпашысы “Вильярреал”командасы бұрыштама орындау барысында қарсылас ойыншымен соқтығысып қалып, жерге құлады. Тер Штегенді алаңнан зембілмен алып кетті, қақпашы орнына Иньяки Пенья шықты.

Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, Тер Штегенге оң аяқ тізесінің сіңірінің созылды деген диагнозы қойылды, ол бұған дейін осы жарақат бойынша екі рет ота жасады. Бұл жарақат расталса, қақпашының қатардан сегіз айға шығып қалуы мүмкін.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie