«Барселона» – «Реал». Онлайн көру. LIVE трансляция
Футбол
26 сәу 2025 16:00

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: fcbarcelona инстаграм парақшасынан
26-нан 27 сәуірге қараған түні Испания кубогының финалында испан футболының алыптары - «Барселона» мен мадридтік «Реал» кездеседі.
Шешуші матч Севилья қаласындағы Олимпиадалық стадионда өтеді. Кездесудің басталуы – Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де.
Жанкүйерлер бұл тартысты ойынның тікелей эфирін Sport+ телеарнасынан көре алады.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Аталған турнирдің қазіргі чемпионы - Бильбаоның «Атлетик» клубы - бұл жолы финалға шыға алмады және өз атағын қорғай алмайды.
«Барселона» Испания кубогын ең көп жеңіп алған клуб болып табылады - каталондықтар бұл трофейді 31 рет иеленген. Ал «Реал» Мадридтің еншісінде 20 жеңіс бар.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 01:42

Бокс
Бүгін 01:19

Теннис
Кеше 23:15
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек