«Барселона» — «Осасуна». Онлайн көру.LIVE көрсетілім
Футбол
27 нау 2025 16:00

Асылхан Тоқсанбек

ФОТО: gettyimages.com
27-нен 28-наурызға қараған түні «Барселона» Ла Лиганың 27-турынан кейінге шегерілген матчта «Осасунаны» қабылдайды.
Ойын «Олимпико» стадионында өтеді және Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 01:00-де басталады. Тікелей эфирде Setanta Sports көрсетеді.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
27 турдан кейін «Барселона» 60 ұпаймен «Реалмен» бірге бірінші орынды бөлісіп тұр. Бұл кездесуде жеңіске жетсе, мадридтік клубтан үш ұпайға озып кетуі мүмкін. «Осасуна» 33 ұпай және 33:39 доп айырмасымен 14-орында келеді.
Бастапқыда матч 9 наурызда өтуі тиіс еді, бірақ «Барселонаның» негізгі құрам дәрігері Карлес Миньярро Гарсияның қайтыс болуына байланысты кейінге шегерілді.
Танымал жаңалықтар

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек