locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Барселона мен Осасуна өз алаңдарында үстемдік орнатты

«Барселона» екі тур қатарынан жеңіске жетті.

Ла Лига екінші тур аясында матчтар өтіп жатыр. 24-тамыз, сенбі күні екі ойын өтілді. «Осасуна» «Мальорканы» жеңді, ал «Барселона» өз алаңында «Атлетикті» минимальді есеппен жеңді.

«Барселона» Испания Кубогының чемпиондарын өз алаңында қабылдады. Алаң иелері ойынның 24-минутында гол соғып, алға шықты. 17 жасар Ямаль алыстан сол қаптал бұрышқа соққы жасады және Атлетик қақпашысының оның соққысын қайтаруға шамасы жетпеді.

Бірінші таймның соңында Кубарси «Атлетик» ойыншысына қарсы тәртіп бұзды және төреші 11 метрлік айып добын тағайындады. Нәтижесінде, Сансет Тер Штеген қақпасына пенальтиден гол соғып, есеп теңестірді.

Екінші таймда «Барселона» жағдайды түзетуге тырысты. Команда бірнеше рет позициялық шабуылдар жасады және 75-ші минутта Левандовски гол соғып, Барселонаны 2-1 есебімен алға шығарды.

Ла Лига, 2-тур. 24-ші тамыз.

«Барселона» - «Атлетик»- 2:1

Голдар: 0:1 Ямаль (24’), 1:1 Сансет (42, пенальти), Левандовски (75).

Командалар құрамы:

Барса: Тер Штеген, Кубарси, Бальде, Мартинес, Кунде, Педри, Торрес, Берналь, Рафинья, Ямаль, Левандовски.

«Атлетик» Бильбао: Падилья, Вивиан, Альварес, Берчиче, Лекуе, Прадос, Весга, Сансет, И. Уильямс, Н. Уильямс, Беренгер.

Күннің тағы бір ойынында «Осасуна» өз алаңында «Мальорканы» жеңді. Ла Лига, 2-тур. 24-ші тамыз.

«Осасуна» - «Мальорка» - 1:0.

Гол: Р.Гарсия (55’)

Командалар құрамы:

«Осасуна»: Серхио Эррера – Хесус Аресо, Алехандро Катена, Хорхе Эррандо Орос,Абель Бретонес– Лукас Торро, Аймар Орос,Хон Монкайола– Рубен Гарсия,Саргоса,Анте Будимир.

«Мальорка»(5-3-2):Доминик Грейф– Х.Мохика,Антонио Райлло, М.Вальент,Пабло Маффео, Хауме Коста – Серхи Дардер, Омар Маскарель, Д.Р.Васкес – Ведат Мурики, Т.Асано.