Барселона Гави жарақаты үшін ФИФА-дан өтемақы алады
20 қарашада “Барселонаның” жас жартылай қорғаушысы Гавидің жарақат алғанына тура бір жыл толады. Қазіргі уақытта ол алаңға оралуға жақын, ал каталондық клуб 20 жастағы футболшының жарақаты үшін шамамен алты миллион еуро көлемінде өтемақы алуы мүмкін.
Еске сала кетейік, Гави тізе байламдары жарақатын Испания құрамасы сапында алған болатын, сондықтан “Барселона” ФИФА-дан өтемақы талап етуге құқылы. ФИФА ұлттық құрама матчтарында жарақат алған футболшылар үшін клубтарға өтемақы төлейді. Егер ойыншының жарақаты 28 күннен асып кетсе, клуб әр күн үшін 20 мың еуроға дейін өтемақы алады.
Mundo Deportivo деректеріне сүйене отырып, Гавидің алаңға қайта оралуы 20 қазан деп жоспарлануда. Осы деректерге сүйеніп, олар өтемақыны 6,3 миллион еуро деп есептеп отыр, себебі жартылай қорғаушы 308 күн бойы жарақатына байланысты ойнай алмайды, бұл ФИФА бағдарламасына сәйкес келеді. Дегенмен, егер Гави 16 желтоқсанға дейін алаңға оралмаса, бұл сома 7,5 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52