locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Барселона 125 жылдық мерейтойына атап өту үшін Лео Мессиге шақырту қағазын жіберді

ФОТО:  Getty images

2024 жылы “Барселона” өзінің 125 жылдық мерейтойын атап өтеді, ал салтанатты шара 29 қарашаға жоспарланған. Клуб бұл мерекеге бірнеше танымал тұлғаларды шақырмақшы.

Relevo мәліметінше, шақырылғандардың қатарында Лионель Месси де болады. Оған мерекеге қатысуға ресми шақыру жіберіледі. Алайда, Мессидің шараға қатысуы белгісіз, себебі оның клубы “Интер Майами” сол уақытта МЛС плей-офф кезеңінде ойнап жатуы мүмкін. Егер бұл жағдай орын алса, “Барселона” Мессиден бейнеқұттықтау жазуды өтінеді.

Айта кетейік, бұл мерекеге дайындық соңғы екі жыл бойы жүргізілді. Бастапқыда клуб осы күнге жаңартылған Spotify Camp Nou стадионына оралуды жоспарлаған еді, алайда олардың оралуы кем дегенде 2025 жылдың сәуіріне шегерілді. Соған қарамастан, гала-концерт белгіленген күні өтеді.